Мектепке балтамен келген баланы тоқтатқан оқушылар марапатталды
Солтүстік Қазақстан облысында екі оқушы марапатталды. Олар мектепке балтамен келіп, үш адамды жарақаттаған баланы тоқтатқан еді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Polisia.kz медиа-порталы жазды. Онда қауіптілікке қарамастан батылдық танытқан оқушыларды ата-анасымен бірге марапттағаны жазылған.
“№4 қалалық орта мектептің екі жоғары сынып оқушысы Нұрислам Сандыбай мен Алдиар Нұртаев, сондай-ақ олардың аналары облыстық полиция басшылығының атынан алғыс хатпен марапатталды”, - делінген ақпаратта.

ФОТО: ҚР ІІМ
Еске салайық, бұған дейін СҚО-да мектепке балта мен пышақ алып келіп үш оқушыны жарақаттаған бала жайлы жазылған. Бұл қауіптің бетін жоғарыда екі оқушы қайтарды. Нұрислам мен Алдиар полиция мен дәрігерлер келгенге дейін шабуылдаушы жасөспірімді тоқтатып үлгерген. Кейін ол 2 айға қамауға алынды.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді