Петропавлда үш баланы жарақаттаған 9-сынып оқушысы 2 айға қамауға алынды
Петропавлда мектепке сөмкесіне пышақ пен балта салып әкеліп, 3 баланы жарақаттаған 9-сынып оқушысын сот 2 айға қамауға алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған Д.-ны 2 ай қамауда ұстау жөнінде санкция берді.
"ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 13 ақпан күні Петропавлдағы №4 орта мектептің 9 сынып оқушысы мектепке қаруланып келіп, өзімен қатарлас үш оқушыны жарақаттады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен