Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұстазы қарт ағасын өлтіріп, денесін қорада жасырған: Атырау облысында ата-аналар балаларын мектепке жіберуден бас тартты

Қайтыс болған ағасының денесін ұзақ уақыт қорасында ұстаған Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылындағы мектеп мұғаліміне қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

Еске салайық, биыл қаңтарда Тандай ауылынан 82 жастағы жергілікті тұрғын Сағынғали Ахберлиевтің денесі табылды. Қария мұғалім қарындасымен бір үйде тұрған. Ауыл тұрғындары қария соңғы айларда мүлдем көрінбей кеткенін айтады. 

Әлеуметтік желілерде мұғалім әйел өткен жазда ағасын өлтіріп, артынша  мәйітті бөлшектеп, жасырып қойған деген ақпарат тарады. Тергеу тексеру барысында әйел жұмыстан уақытша шеттетілді. Алайда сараптама адамның өз өлімімен өлгенін анықтады.

"Біз істің жабылғанын білеміз. Оның жұмысқа қайта келуіне қатысты біз аудандық прокуратурадан жауап күтеміз. Бұл туралы басқа ештеңе айта алмаймын", - дейді ауыл мектебінің директоры Серік Қойбақов. 

Сонымен қатар, мектеп оқушыларының ата-аналары мұғалімнің жұмысқа оралуына үзілді-кесілді қарсы екенін айтады. 206 қол қойылған тиісті өтініш мектеп директорына, Бақсай ауылдық округінің әкіміне, аудан прокурорына, облыстық білім бөліміне және "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалына жолданды.

"Біз мұндай адамның мектепке оралып, балаларымызды оқытуына қарсымыз. Егер жергілікті билік біздің талабымызды ескермесе, біз президентке және білім министріне шағымданамыз. Кейбір ата-аналар бұл мұғалім жұмысын жалғастырса, балаларын мектепке жіберуден бас тартуға дайын", - делінген Тандай ауылы тұрғындарының үндеуінде.


Атырау қаласына арналған 2021 жылдың ораза кестесі

Талқылау