Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меккеге жолдама алған танымал актер көз жасына ерік берді

Актер Абай Асылхан күтпеген жерден Меккеге жолдама алды. Оған мұндай қымбат сыйды жары Жанель Мақажан жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жанель туған күніне орай жарын кешкі асқа шақырып, тосынсыйын сол жерде тарту еткен. Мұндайды күтпеген Абай эмоциясын жасыра алмай, көзіне ерік берді. 



"Аллаһ Ұлық! Алланың шақыртуымен Алланың үйіне қонақ болып бару бұйырды! Өмірімдегі ең үлкен армандарымның бірі орындалды! Аллаһ разылығы үшін қосылған қосағым, туған күніме осындай сыйлық жасады! Отбасымызбен ең бірінші шетелге шығуымыз, Қасиетті мекеннен басталсын деп шешіп едік, ниет-тілегіміз қабыл болды", – деп жазба қалдырды ол. 

Әлеуметтік желіде Абай мен Жанельдің мұсылманша некесін қиғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Жанельдің сүйіктісі – актер Абай Асылхан, өзінен 8 жасқа кіші. Ол Жанельдің жасына және екі баласының барына қарамастан, оны жан-тәнімен сүйетінін айтқан еді. Ол Жанельге үйлену туралы ұсынысты 2021 жылы жасаған.

Талқылау