"Меккеге барғаннан кейін қойған едім": Желіде Нұрлан Еспановтың ұлы Олжастың кешірім сұраған хаты тарады
Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас тағы да желіні шулатты. Оның әлеуметтік желіге бейтаныс қыздан кешірім сұраған хаты тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

TikTok желісіне Айсұлу есімді қолданушы Олжаспен жазысқан хатын жүктеді. Ол жерде Олжас жазған сөздеріне өкінетінін айтып, кешірім сұраған.
“Осылай адамға ұқсап сөйлесейік десең, өзің диалогке келмей жатырсың. Халықтың алдында абыройым айрандай төгілді. Кінә менен болды. Өзің де біліп тұрсың. Ойнастықтан болған болар. Пендеміз ғой, қателестім. Алла алдында жауап беремін. Бұл өмірде ешкім пәк емес. Умраға барғаннан кейін қойғанмын. Жігіт болған соң қараған шығармын. Адам өзгеру керек қой енді. Ал саған қашан жазғанымды білмеймін. Хайырлысы енді. Болған іс болды. Бәрі көрді. Бұл іске Алла алдында өзім жауап беремін. Кешірім сұраймын. Өмірлік жарым табылып жатса, үйленемін. Сенен кешірім сұраймын”, – деп жазған ол хатта.
Фото: https://www.tiktok.com/@a1sulu.kk
Еске салайық, Нұрлан Еспановтың ұлы бейтаныс қызға интим хаттар жазып, басы дауға қалған еді.
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді