Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қонақүй жалдайық": Нұрлан Еспановтың ұлы бейтаныс қызға интим хаттар жазып, басы дауға қалды

Желіде танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспановтың қызға жазған интим хаттары тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/espanov_olzhas/

Тараған ақпаратқа сүйенсек, әншінің ұлы бойжеткенді қонақүйге шақырып, төсектес болуға ниетті екенін айтқан. Осыдан кейін Олжас Еспановтың парақшасы бұғатталған. Желіге жазбаларды жүктеген парақша иесі видеоны өшірген жоқ.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі "Қателеспейтін адам жоқ, періште емес қой", "Әлі жас, ақыл тоқтатсын" деп қолдау білдіріп жатса, кейбірі "Атың шықпаса, жер өрте", "Қарындастарыңа осылай жазса қалай қарайсың?" деп сөгіп жатыр.



Айта кетейік, 2020 жылы Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов "Нұр Отан" партиясының атынан депутат болуға үміткер ретінде праймеризге қатысқанын да көпшілік ұмыта қойған жоқ. Медеу ауданының атынан қатысқан Олжас Еспанов осы уақытқа дейін жасап жүрген қайырымдылық шараларын ескере отырып, халыққа депутат ретінде көмек көрсетуге ниетті екенін жасырмаған еді. 

Одан кейін, өзінің өмір жолын кітапқа арқау етіп, “Ол – жас махаббат” кітабын жарыққа шығарды. 

Фото: https://www.tiktok.com/@suyelmenova/

Талқылау