Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медициналық сақтандыру қоры PR-ға 214 миллион теңге бөлді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры PR-ға 214 миллион теңге бөлді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зейнетақы жинағының бір бөлігін кімдер және қалай ала алады? Министр жауап берді

«Медициналық сақтандыру қорының бюджеті PR-шығындарға жалпы сомасы 214 миллион теңге бөлді. Осыған сәйкес, алдыңғы басшылықпен келісімдер жасалды, мысалы, бір келісім Global Corporation ЖШС-мен бірге 54,1 миллион сомаға бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы болса, Nomad Lider ЖШС компаниясымен 57,1 млн теңге сомасына SMM-қолдауға келісім жасалды. Бүгінгі күнге дейін көрсетілген қызметтер үшін 37,4 млн теңге көлемінде төлем жасалды», - деді Төкежанов.

Оның айтуынша, бірінші келісімшарт бұзылып, 16 миллионнан астам теңге үнемделген.

«PR шығындары, қордың имиджіне қатысты 108 миллион теңгені құрайтын ақшаны оңтайландырдық. Біз халықпен кері байланыс орнату, тұрғындардан түскен шағымдарға уақытында назар аудару үшін SMM қызмет көрсету келісімін сол күйі қалдырдық», - деп қосты ол.

Талқылау