Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Неге оларды қорғағымыз келмейді": Асхат Аймағамбетов медицина қызметкерлеріне қатысты заң қолдау таппағанына ашуланды

Бүгін мәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов медицина қызметкерлерінің құқығы қорғалмай жатқанын айтып, бас прокуратураға сауал жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Мәжіліс отырысы

“Біз медицина қызметкерлерінің денсаулығына зиян келтіруге қатысты жауапкершілікті күшейту туралы заңға түзету енгізуді ұсынған едік. Кейінгі кездегі оқиғалар бұл мәселенің өзекті екенін көрсетті. Әсіресе науқасты қабылдау бөлмелерінде кезекшілікте отыратын дәрігерлер немесе жедел жәрдем көлігі жүргізушілері үнемі негізсіз жазаланады. Біз заңды күшейтуді ұсындық. Себебі мұның аса қажет екенін түрлі оқиғалар дәлелдеп тұр. Бірақ түзету қолдау таппады. Неге? Неге медицина қызметкерлерін қорғағымыз келмейді?”, – деп сұрады Асхат Аймағамбетов мәжіліс отырысында. 

Сонымен қатар ол жыл сайын дәрігерлерге қатысты жүздеген қылмыстық іс қозғалатынын, оның аз ғана бөлігі сотқа жететінін атап өтті.

“Олар қылмыстық қудалауға ұшырайды. Сосын олар науқасты емдеудің орнына тергеушілердің есігін тоздырып жүреді. Біз зиян келтірген кезде ғана және сақтандыру болса ғана сотқа дейінгі тергеу жүргізуді ұсындық. Неге бұл норма қолдау таппады?”, – деп сұрады депутат.

Бұған жауап ретінде Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бұл мәселені талқылауға тағы да оралуды ұсынды.

"Қайта қарайық, бұл бұрын қарастырылған болатын. Егер мүмкіндік болса, қайта талқылаймыз деп ойлаймын",  – деді Әсет Шындалиев.

Данный текст скопирован с сайта Informburo.kz
https://informburo.kz/kaz/newskaz/ajmaghambetov-medicina-khyzmetkerlerining-densaulyghyna-ziyan-keltirgeni-ueshin-zhauapkershilikti-kueshejtudi-usynyp-otyr

Айта кетсек, Қазақстанда медицина қызметкерлеріне жасалған агрессияны полицияға жасалған шабуылмен теңестіру ұсынылған еді.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққаны туралы жазған едік. Кейіннен күдікті ұсталыпекі айға қамауға алынған.

Талқылау