Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Медиамагнат" Арманжан Байтасовтың жоғары лауазымды шенеуніктердің қылмыстық ісіне қатысы бар болып шықты

"Медиамагнат" Арманжан Байтасов Алматыда жоғары лауазымды шенеуніктердің жерді заңсыз иемдену фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша тергелуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Байтасовқа қатысты ақпарат Козачков Telegram арнасында жарияланды.

"Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот процесі басталды. Айыптаушылар қатарында бұрынғы басқарма басшысы Алмасхан Ахмеджанов пен әкімдіктегі жер мәселесіне жауапты Ардақ Самамбетов бастаған жерге және құрылысқа рұқсат беруге қатысты бір топ шенеунік бар. Бұл іс мемлекеттік қызметшілерге ғана емес, Алматының депутаттары мен ірі бизнесмендерге де қатысты іс", – делінген ақпаратта.

Істердің біріне Арманжан Байтасовтың да қатысы бар көрінеді.

"Күтпеген жерден құрылысқа бірнеше БАҚ иесінің де қатысы бар екені белгілі болды. Оның қатарында "Арт-Медиа Корпорациясы" ЖШС иелігіндегі "Тан Медиа Групп" ЖШС бар. Бұл Алматының орталығындағы "River Park" тұрғын үй кешенін салушы компания. Өткен жылы қыс мезгілінде бұл тұрғын үй кешенінің тұрғындары пәтерлерде жылу жүйесі жұмыс істемейтініне шағымданып, шу шығарған. Антикордың хабарлауынша бұл кешен заңсыз салынған. Ал бұл аумақта үй салуға болмайтынын біле тұра құжаттарды бұрмалап, құрылысқа рұқсат берген. Алмасхан Ахмеджановтың күйеу баласы бұл тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлікке ие болып, мүлікті лайықты жеңілдікпен сатып алған. Пәтер 30 миллион теңгеден асады, бірақ сатып алушы оны 9 миллион теңгеге алған", – делінген ақпаратта.

Ақпаратқа сәйкес, Ахмеджановқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

“Шенеуніктер жеке тұрғын үй салуға арналған аумаққа тұрғын үй кешендерін салуға рұқсат берген. Мысалы, Ахмеджановпен келісімге келіп заңсыз әркет жасағандардың бірі Борис Чен. Чен қазір екі тұрғын үй кешенін салу кезінде ақша жымқырғаны үшін жазасын өтеп жатыр. Ол қала құрылысы бөлімінің басшысын екі жер теліміне бірнеше үй салуға рұқсат бекітуге көндірген. Оның бірі – жеке тұрғын үй құрылысы болса, екіншісі – жалпы шаруа қожалығы. Мемлекетке келтірілген шығын 150 миллион теңгеден асқан”, – деп атап өтті журналист.

Еске сала кетейік, осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шенеунік жер телімдерін беру және нысандардың құрылысына рұқсат беру кезінде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінгенін хабарлады

Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Алмасхан Ахмеджановты екі айға қамауға алды. 

Талқылау