Медеудегі өрт: Қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына 13 млн теңге беріледі
Іле-Алатау табиғи саябағындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқан өрт сөндірушінің мұрагерлеріне 13 млн теңге көлемінде бір реттік өтемақы төленеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сонымен қатар жерлеу шығынына 600 мың теңге көлемінде өтемақы беріледі, жерлеуге кеткен барлық шығынды Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өз мойнына алды.
"Төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Арслан Құрманбековті мемлекеттік наградамен марапаттау туралы президент әкімшілігіне ұсыныс жолдады. Сонымен қатар Алматы қаласының әкімдігіне Құрманбековтың анасына әлеуметтік көмек түріндегі тұрғын үй бөлуді қарастыру үшін өтінішхат жіберілді", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген