Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мбаппе жаңа клубқа ауысады: Жалақысы мен атауы қандай

"Пари Сен-Жерменнің" шабуылшысы Килиан Мбаппе француздық клубтан кетуге шешім қабылдады. Ол өзінің келесі қай клубқа баратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Вild порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет: Вild

Футбол ойыншысы “Реал Мадридке” ауысуға шешім қабылдаған. Клуб таңдаудағы басты факторлардың бірі француздың Лос-Бланкос құрамында чемпиондар лигасын жеңіп алуы болды. Спортшының өзге клубқа ауысуы жазда жүзеге асады.

Тараптар әлі де мәміленің мәселелерін талқыламақ. Мбаппенің өзі "Реалда" жылына 70 миллион еуро табыс тапқысы келеді.

Алайда, "Реал Мадрид" президенті Флорентино Перес шабуылшыға мұндай жоғары жалақы төлеуге ниетті емес. Корольдік клуб Килианға жылына шамамен 35 миллион еуро ұсынады.



Мбаппе ПСЖ сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Оның клубпен келісімшарты 2024 жылға дейін.

Осы маусымда шабуылшы барлық турнирлерде 26 матчқа қатысып, 28 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Килианның трансферлік құны 180 миллион еуроға бағаланған.

Талқылау