Қазақстан хоккейшілері Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер олимпиадасында қола жүлдегер атанды
Қазақстан хоккейшілері 2024 жылғы Оңтүстік Кореяның Гангвонду қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

IV қысқы Олимпиада ойындарында хоккейден Қазақстан құрамасы (3х3) үшінші орынды иеленді.
Хоккей турнирінің қола жүлдесі үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Австрия өкілдерін 6:5 есебімен ұтты.
Қазір команда қоржынында үш медаль бар.
Еске салсақ, бұған дейін шаңғымен секіру бойынша қазақстандық Илья Мизерных алтын алған болатын. Полина Омельчук шорт-тректен қола жүлдегер атанды.
Қазақстан туын балконға ілуге, киімге басуға бола ма? Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қандай
Бұл туралы заңгер жауап берді
"Салт-дәстүрді "біздікі, өзгенікі" деп бөлмейміз": Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері неге балаларына тұсаукесер жасайды
Джой: "Кішкентай кезінен бастап осы жермен байланысын сезініп, елдің мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп өскенін қаладым"