Мбаппе Реал Мадридпен келісімшартқа отырды – Инсайдер
Француздық "ПСЖ" шабуылшысы Килиан Мбаппе мадридтік "Реалмен" келісімшартқа отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Championat.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Marca-ның беделді инсайдері Рамон Альварес де Мун өзінің Twitter парақшасында хабарлады.
"Ол "Реалмен" келісім-шартқа отырды. Сонымен ісіміз орындалды", - деп жазды де Мун.
Еске салайық, 16 ақпанда журналист Фабрицио Романо Мбаппенің ПСЖ президенті Насер Аль-Хелайфиге алдағы жазда, еңбек келісімінің мерзімі біткенде, клубтан кететінін ескерткені туралы ақпаратпен бөліскен болатын.
Мбаппе 2017 жылдан бері "ПСЖ" сапында ойнайды. Оған дейін "Монако" сапында ойнаған. Ағымдағы Лигада футболшы 19 матч өткізіп, 20 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

