AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маймыл шешегінің таралуын ұстап тұруға болады – ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің жаппай таралуына байланысты Африкадан өзге елдерде жаппай вакциналаудың қажет емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап.

шешек

Еуропадағы және Солтүстік Америкадағы Қоғамдық денсаулық сақтау органдары вирустық инфекция расталған 100-ден аса жағдайды тексермек. Африкада бұл вирус эндемикалық болып есептеледі. Алдағы уақытта вирус жұқтырғандар саны өсуі мүмкін, алайда мамандар тұрғындар үшін қауіптің төмен екенін мәлімдеді.

"Бұл – бақылаудағы жағдай. Біз вирустың адамнан адамға берілуін тоқтатқымыз келеді. Мұны эндемикалық емес елдерді жасай аламыз", – деді ДДСҰ сарапшысы, америкалық эпидемиолог-инфекционист Мария Ван Керхове. 


 


Вирус соңғы 50 жылда алғаш рет Африкадан өзге елдерде жаппай тарап отыр. Маймыл шешегінің адамдар арасында тез жұғуына қарамастан, сарапшылар қауіптің коронавирус пандемиясымен салыстыруға келмейтінін айтады. 

Еуропалық аймақтық бюросының қауіптілігі жоғары патогендер тобын басқаратын Ричард Пебоди вакцина жеткізудің және вирусқа қарсы препараттардың салыстырмалы түрде шектеулі екенін мәлімдеді. Сөзінше, вируспен күресудің негізгі шарасы байланысқа түскен адамдарды бақылау және оқшаулау екен. Сонымен қатар бұл вирустың оңай тарамайтынын, ауыр салдары болмағанын айтады. Әрі маймыл шешегіне қарсы вакциналардың кері әсері де болуы мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр