Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маймыл шешегі: Министрлік қазақстандықтарды Африка елдеріне бармауға шақырды

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды Африкаға, әсіресе маймыл шешегінің ошағы Конго мен Нигерияға бармауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова айтты.

Есмағамбетова туристік маусымның басталуымен жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі арта түсетінін ескертті.

"Африка елдеріне, әсіресе ауру ошағы тіркелген Конго мен Нигерияға бармауға кеңес береміз. Еуропалық және тіркеуі бар басқа елдерге баратындар келгеннен кейін 21 күн бойы денсаулықтарын бақылауы керек. Ал егер маймыл шешегінің  белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгініп, диагноз қою үшін учаскелік дәрігерге хабарласыңыз", - деп кеңес берді Есмағамбетова.



Соған қарамастан, маймыл ауруы тіркелген елге баруға тура келсе, вице-министр коронавирустық пандемия кезіндегідей карантиндік шектеулерді сақтауды ұсынды.

"Мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерден аулақ болуға тырысыңыз, ұзақ уақыт бойы жаппай байланыста болмаңыз, қол гигиенасын сақтаңыз, қорғаныс құралдарын қолданыңыз. ДДСҰ егер ауру адамнан адамға жұққан жағдайлар тіркелсе, қайтадан маска оралатынын айтты", - деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.

Еске салайық, ДДСҰ деректері бойынша, қазірдің өзінде маймыл шешегі 14 елде, соның ішінде 110-ға жуық жағдайы тіркелген. Бельгия маймыл ауруына байланысты міндетті карантин енгізген бірінші ел болды. Онда 3 жағдай анықталды. 

Талқылау