AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

BI ковид ауруханаларын қандай материалдардан тұрғызды: ДСМ депутаттар сынға алған госпитальге қатысты жауап берді

Депутаттар сапасын сынға алған Алматыдағы модульді госпитальді денсаулық сақтау министрлігі салмады. Ол ведомство балансында жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бұл аурухананы министрлік салған жоқ. Келісімшартқа сәйкес, бұл әкімдік арқылы салынған аурухана. Оның қабылдауына немесе сапасына министрліктің ешқандай қатысы жоқ және жауап бере алмайды. Ол біздің балансымызда емес", - деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде.

Бұған дейін мәжіліс депутаттары коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге арналған госпитальдердің құрылысын тексеруді ашық және егжей-тегжейлі ұйымдастыруды талап етті. 

"Кей деректерге сәйкес, жекелеген ковид госпитальдерінің құрылысына BI Group тарапынан сүрілген ғимараттардың материалдары қолданылған. Мысалы, Атырау облысының Опорный елді-мекенінде (қаладан шамамен 300 км қашықтықта орналасқан) ТШО қызметкерлеріне арналған жатақхана бөлшектелген. 


"Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда 9 жылға артық өмір сүреді": Денсаулық сақтау министрі зейнет жасы туралы айтты


Бұл құрылыс материалдары мемлекеттік бюджеттен 5,5 млрд. теңге бөлінген Алматыдағы ковидтік модульді аурухана құрылысына жіберілген",-  деді мәжілісмен Жамбыл Ахметбеков палатаның пленарлы отырысында. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр