Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәслихат депутаттары Алматы облысының әкімін таңдау үшін жиналады

Мәслихат куәлігі
Фото: Gov.kz

Алматы облысында жаңа әкім тағайындау рәсімі өтеді. 4 қыркүйекте облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары өңір басшысы қызметіне ұсынылған кандидаттарды қарау үшін жиналады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, жиын президенттің 2022 жылғы 8 маусымдағы жарлығына сай өткізіледі. Қолданыстағы тәртіп бойынша мемлекет басшысы облыс әкімі қызметіне кемінде екі кандидат ұсынады. Мәслихат депутаттары олардың кандидатурасын талқылап, дауыс береді. Депутаттардың келісімінен кейін президент облыс әкімін тағайындайды.

Еске салайық, Алматы облысын Марат Сұлтанғазиев 2022 жылғы маусымнан бері басқарып келеді. Сол жылдың желтоқсанында ол облыс әкімі қызметіне қайта тағайындалған.

Қарлығаш Асқарова
Бейсенбі, 03 Қыркүйек, 2026 16:22