Маскалардың балалардың өміріне деген қауіптілігі анықталды
Екі жасқа дейінгі балалардың маска тағуы олардың өмірлеріне қауіп төндіруі мүмкін. Бұл туралы Жапонияның педиатрлар ассоциациясы мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылардың айтуынша, сәбилердің тыныс алу жолдары тар болып келеді. Сондықтан медициналық маскалар олардың демалуына кедергі келтіруі мүмкін. Бұған қоса маскалар жаздыгүні нәрестелерді ыстықтатып, олардың жүрек жұмысына ауыртпашылық әкеледі екен.
Мамандар балалардың көбіне отбасы мүшелерінен ауру жұқтыратынын алға тартты.
Бұған дейін еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова маска тағудың маңыздылығын айтқан еді.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, Жапонияда 16 581 індетке шалдығып, олардың 13 612-сі аурудан айықса, 830 науқас көз жұмған.
Фельдшерден қандықол қылмыскерге дейін: Өскеменді үрейде ұстаған Сергей Яровой деген кім
Ол зорлап өлтірген құрбандар қатарында 8 бен 16 жастағы қыздар да бар
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген