Үш жеріне оқ тиген: Марқұм Дархан Әбдірахымның өлімі жайлы оның туыстары шындықты айтты

Қақтығыста қаза тапқан ауыл тұрғыны Дархан Әбдірахымның туыстары ұлымыздың оққа ұшқанын биліктегілер жасырғысы келеді деп наразы. Дұрыс ақпарат айтылмай жүр деген олар өз мұңын ашынған жұрт жаназа үстінде жеткізуге тырысыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Сөздің шыны керек" бағдарламасына сілтеме сілтеме жасап. 

Қордай

11 адамның өмірін қиған қақтығыс тек Масанчиді ғана емес, бұл ауылға жалғасып кететін Сортөбе, Ауқатты, Бұланбатыр ауылдарына да кесапатын тигізген. Сортобе ауылына кіре беріс жердің өзінен 4 адамның мәйіті табылған. Ғаламторға тарап кеткен кадрлар да сол жақта түсіріліпті. Осы жерде Әлжан ана ауылының 25 жастағы тұрғыны Дархан Әбдірахым да осы жерде жан тапсырған. Ол Алматыдан Қордайға жолаушы алып келген көрінеді. Соңғы рет әйелімен телефон арқылы тілдескен оны қақтығыс кезінде өлтіріп кеткен. 


Тағы оқыңыз

Жедел жәрдем мен балаларға оқ атқан": Куәгер Қордайдағы оқиға жайлы айтты


"Достарымның қасына барамын, мен сол жақта бауырларым бар деді", - дейді марқұмның әйелі. 

Марқұмның жақындары балаларының оққа ұшқандарын көргендер болса да, бұл жайтты сарапшылардың жоққа шығарып отырғандарын айтып наразы. Қайтыс болған туралы анықтамада Дархан Әбдірахымның кеуде тұсының жарақатын алғаны, көп қан жоғалтқаны ғана айтылыпты. 

"Жарақатын жанында пытыра оғының іздерін байқадық. Оқ үш жерден атылған: аяғынан, желкесінен, қолтығынан. Тура барып қолтық астындағы тамырға тиіпті", - дейді Дархан Әбдірахымның туысы. 

Ал жаназаға келген елдің қарасы тым көп болды. Тіпті ашынған ел марқұмның денесін жер қойнына тапсырмай жатып, жерлеу рәсімі кезінде митинг жасады. 

Қордай

Масанчи ауылының тұрғыны Реджеп Хоров екі тараптың ғана емес, үшінші қылмыстық топ араласқан қақтығыс болды деп отыр. Өйткені сол күні сырттан келген белгісіз адамдар тобы дүкендерді өртеп қана қойған жоқ, тонау әреккеттерін жасапты. Соны әдейі жасырып қалу мақсатында өртті үлкен және кіші сауда орталықтарына қойды дейді ол. Сондай-ақ ол қақтығыс басталмай тұрып-ақ полиция мен жергілікті билік өкілдері дүмпудің болатынын алдын ала білді, бірақ бізге хабарламады дейді. 

"Біздің ауылға бір уақытта бірден 15-20 көлік мүлдем келмейтін. Бірақ сол күні белгісіз көліктердің ағыны тоқтамады. Билік не болатынын о бастан білді", - дейді ауыл тұрғыны Реджеп Хоров. 

Қордай

Қордай аудынындағы қақтығыстан кейін Бақтияр Жанышұлы жиенін іздеп жүр. Әпкесінің ұлы 2000 жылы туған Мұрат Мырзаханұлы жанжал болған күні жаңадан сатып алған көлігіне мініп, әжесіне көрсетуге көрші ауылған кеткен. Ал көлік Масанчи ауылының маңында өртенген күйде табылған. Масанчи аулындағы сауда үйінен бір адамның мәйіті табылды дегенді ести сала, Бақтияр да осында жетіпті. Бірақ інісін іздеген азаматқа да, журналистерге де құзырлы орган жауап бермепті. 

31 арна журналистерінің мәліметінше, оқиғадан 4 күн өткеннен кейін мәйіт табылғаны туралы ақпаратты таратуға билік өкілдері асықпапты.  Тіпті олар мәйіттің жанынан табылған құжаттарды да жариялауға ұмтылмапты. Өз шешімдерін ресми органдар сот сараптамасы дайын емес болғандықтан деп түсіндірген. 

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке байланысты 25 қылмыстық іс қозғалған. Бұл жағдайға қатысты қанша адам ұсталғаны жайлы құзырлы органдар тіс жармады. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-қа оқуға қалай аттануға болады - мұхиттың арғы жағында оқып жүрген жерлесіміз кеңестерімен бөлісті

Кез келген қазақ қаласа, америкалық бола алады. Ал кез келген америкалық қазақ бола алмайды.

«Үш рет ажырассаң себеп сенде»: «Қазақтың Кардашьяны» үш күйеуі туралы айтып берді

Соңғы уақытта «Үш рет ажырассаң себеп сенде. Өзің кінәлісің» деп жазып жатыр

Жапониялық лайнерде болған қазақстандық 4 азамат карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан қаласына Токиодан тағы 16 азамат ұшып келген

Қазақстан аймақтарындағы футболды қаржыландыруға кететін ақша кесілмек

Аймақтағы спортты дамытуға бөлінетін қаржының тең жартысы футболға жұмсалады екен

Қазақстанда заңсыз түрде гранатомет саудасымен айналысқан полицей ұсталды

Аталған іске байланысты 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған

Шымкентте екі адам газдан уланып көз жұмды

Жазатайым оқиғаның себептері анықталып жатыр

Зайсандағы елдің дүрлігуі: Даниал Ахметов аудан басшысын ауыстырды

Ауданның жаңа басшысы ретінде Серік Зайнулдин тағайындалды

Тұрмысы төмен азаматтар АҚШ-қа кіргізілмейді: Америкалық грин-картқа байланысты заң өзгертілді

АҚШ үкіметі кедей азаматтарды елге кіргізу туралы ережені қиындатты

Қазақстанда 100 мыңға жуық компания үш жылға салық төлеуден босатылды

Мұндай жеңілдіктер арнайы салық режимінде жұмыс істейтін микро және шағын бизнес кәсіпкерлеріне беріледі

Ұйқы үшін зиянды өнімдер аталды

Бұл өнімдер зат алмасуды жылдамдатады және дене температурасын арттырады
Çàãðóçêà...