Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мас күйде көлік айдап жазаланғандарға рақымшылық бола ма: Ішкі істер министрі жауап берді

мас күйде жазаланғандар рахымшылық
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрі Ержан Саденов мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаны жеңілдетуге байланысты пікірін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сәденовтың айтуынша, рахымшылық басқа әкімшілік істерге қолданылғанмен мас күйде көлік айдағандарға болмайды.

"Жазаны жеңілдету мас күйінде көлік тізгіндеуге жол берумен бірдей. Мұндайларға жеңілдік жасау олардың жауапкершілігін азайтады. Сондықтан мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алып, қоғамда оған деген мүлдем төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру қажет. Рөлге отырған адам үшін абсолютті сергектік жүргізу мәдениетінің өзгермейтін қағидасына айналуы тиіс. Жыл басынан бері осындай жауапсыз жүргізушілердің кесірінен 200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 300-ге жуық адамның зардап шекті. Әрбір осындай апаттың артында ойран болған отбасылар, тағдыры өзгерген адамдар және ата-анасын енді ешқашан көрмейтін балалар тұр", – деді Саденов.

Министр сондай-ақ басқа елдердің тәжірибесіне тоқталды. Оның айтуынша, Қытайда мас күйде көлік жүргізіп, адам өліміне әкелген жол апаты үшін өлім жазасына дейінгі жаза қарастырылған, ал АҚШ-та мұндай құқық бұзушылық үшін жүргізуші куәлігін өмір бойына қайтарып алу тәжірибесі бар.

"Адам қайғысына себеп болуы мүмкін кез келген алғышарттың түбіне балта шабу керек", – деп қорытты ол. 

Бұған дейін Сәденов елімізді "штрафстан" деп атайтындарға жауап берген еді.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 23 Маусым, 2026 14:48