Марат Қарабаев пен Аида Балаева қайтадан министр болып тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Көлік пен Мәдениет және ақпарат министрліктерінің басшыларын тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көлік министрі болып Марат Қарабаев тағайындалды. Бұған дейін ол индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болған.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Ал бұған дейін президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған Аида Балаева енді Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарады.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды”, – деп мәлімдеді Ақорда өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін президент Серік Жұманғарин мен Тамара Дүйсенованы министр қызметінен босатып, премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындаған еді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр
