Серік Жұманғарин мен Тамара Дүйсенова министр қызметінен босатылып премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің жаңа орынбасарларын тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Серік Жұманғарин бұған дейін сауда және интеграция министрі қызметін атқарған.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – деп жазылған жарлықта.
Ал Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Марат Ахметжановты ішкі істер министрі қызметінен босатып, оның орнына Ержан Сәденовті тағайындаған еді.
Талқылау