Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында ВИЧ инфекциясын жұқтырған науқастар емделуден бас тартты

Маңғыстау облысында АИВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырған науқастар емделуден бас тартты

Маңғыстау облысында ВИЧ инфекциясын жұқтырған науқастар емделуден бас тартты

Бұл туралы «Лада» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өңірдегі ЖИТС орталығында есепте тұрған 144 адамның 10-ы осындай шешімге келген. Дәрігерлердің сөзінше, 129 тұрғын дәрі-дәрмекпен емдеуге мұқтаж.

«Бүгінгі уақытта 10 адам бас тартты. Тағы 10-ына түрлі сипаттағы қарсы көрсетім болды. Осылайша 109 адам ем алып жатыр. Ал бас тартқандардың ішінде бұрын түрмеде отырғандар, есірткі шеккендер және қарапайым азаматтар бар», – дейді облыстық ЖИТС орталығының директоры Алмабек Бейсен.

Емделгісі келмеген бір адам діни көзқарасы бойынша емнен бас тартқан. Алмабек Бейсеннің сөзінше, инфекция жұқтырған адамдар 5-10 жыл көлемінде ем қабылдамаса, ЖИТС-пен ауыратындар қатарына енуі мүмкін. Оған себеп – иммундық жүйенің әлсіреуі.

Орталық мәліметтері бойынша, мемлекеттің өзге өңірлерімен салыстырғанда, облыста АИВ инфекциясын жұқтырғандар саны аз. Алайда соңғы уақытта еңбекші мигранттардың есебінен инфекция жұқтырғандар саны артып келеді.

«Былтыр 16 жағдай анықталды. Жұмыс істеуге келгендердің тек 12 пайызы тексеруден өтті. Биыл тергеу изоляторындағы екі Өзбекстан азаматының АИВ жұқтырғаны анықталды. Сонымен қатар перзентханада басқа адамның құжаты бойынша тіркелген әйелден АИВ инфекциясы табылды», – дейді Алмабек Бейсен.

Сонымен қатар ол АИВ инфекциясын жұқтырғандардың көбі Ақтау және Мұнайлы аудандарында тұратынын айтты. Ал Маңғыстауда соңғы 5 жыл көлемінде инфекция жұқтыру жағдайы тіркелмеген.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар адам өмірін 10 жылға ұзартудың жолын тапты

Үй жануарларының ешкім күтпеген пайдасы анықталды

Сарымсақтың ешкім күтпеген пайдасы анықталды

Ғалымдар аққан ауруын емдеудің жолын тапты

Талқылау