Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үй жануарларының психикалық ауруларға қарсы тұратын қасиеті анықталды

Боулдердегі Колорадо және Ульм университетінің ғалымдары үй жануарларының болмауы қала тұрғындарының психикалық жағдайына әсер етуі мүмкін екендігін анықтады.

Үй жануарларының ешкім күтпеген пайдасы анықталды

Бұл туралы мақала Proceedings of the National Academy of Sciences басылымында жарияланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тәжірибеге 20-дан 40 жасқа дейінгі қырық неміс азаматы қатысты. Олардың жартысы шаруа қожалықтарында, ал екіншісі – үй жануарларын мүлде асырамаған қалалық ортада өскен.

Зерттеу барысында қатысушылар біраз уақыт ішінде математикалық есепті шешуге мәжбүр болды. Иммунитеттің реакциясын зерттеу үшін ерлерден тестілеуге дейін 5 минут бұрын, сондай-ақ 15, 60, 90 және 120 минуттан кейін қан және сілекей үлгілері алынды.

Нәтижесінде шаруа қожалықтарында өмір сүрген адамдардың қала тұрғындарына қарағанда күйзелісті қалыпты қабылдайтыны белгілі болды.

Ғалымдардың айтуынша, үй жануарларынан адамдарға берілетін микроорганизмдер оларды стресстік жағдайларға бейімделуге мүмкіндік береді және сәйкесінше психикалық бұзылулар мен аурулардың даму қаупін азайтады.

Оқи отырыңыз:

Сарымсақтың ешкім күтпеген пайдасы анықталды

Ғалымдар аққан ауруын емдеудің жолын тапты

Ғалымдар: Шоколад көздің көру қабілетін жақсартады

Тамаққа түкіріп қайыршыға берген жігіт елдің ызасын келтірді (видео)

Талқылау