Маңғыстауда "шенеуніктің" төбелесі видеоға түсіп қалды
Желіде Маңғыстау облысы "әкімі орынбасарларының бірінің" қатысуымен болған жанжалдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Қыркүйектің 10-нан 11-іне қараған түні желіде сыртқы бақылау камерасының жазбасы пайда болды. Видеоны түсірген қолданушы бұл кадрларда "Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарларының бірі" бейнеленгенін айтты.
Видеода ер адамдардың төбелесі анық байқалады.
Облыс әкімдігі видеодағы ер адамның облыс әкімінің орынбасары емес екенін мәлімдеді. Әкімдіктен басқа ақпарат берілген жоқ
Қазақстандық банк қолданушылары шоттан жаппай ақша жоғалғанын байқаған: Банктің жауабы қандай
Freedom Bank баспасөз қызметі мәселені шешіп жатқанын мәлімдеді
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"