Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда кенеден мал қырылып жатыр

Маңғыстауда кенеден мал қырылып жатыр. Улы жәндік былтырғыдан әлдеқайда көп дейді шаруалар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: avzvet.ru

“Бес бота шығын болды. Бәрінің айтатыны осы көк кененің әңгімесі. Үкіметтен көмек болмаса, бізге қиын болып тұр. Бізге тек улап беруіне көмектессе деймін”, – дейді шаруа қожалығының иесі Есбол Естүрлиев. 

Тұрғындар өз күшімен қора-қопсы мен төрт түлікті дәрілепті. Түйелердің жүнін қырқып, залалсыздандыру жүргізген. Бірақ кене азаяр емес. Сондықтан толық дезинфекция жасауды сұрайды. Алайда жергілікті шенеуніктер кене адамға қауіп тудырғанда ғана жаппай улау жүргізілетінін айтқан. Шаруалар мал жүнін қырқып, паразитарлық ауруларға қарсы ерітіндіге шомылдыру керек дейді.

“Әр кәсіпкер паразитарлық аурудың алдын алып, шара жасауға міндетті. Ал біз тарапымыздан тек жұқпалы ауруларды болдырмау үшін профилактикалық-диагностикалық іс-шара атқарамыз”, – деп атап өтті Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бердібек Марқабаев. 

Бұған дейін Алматыда бір айда кене шаққан 214 азамат дәрігерлердің көмегіне жүгінгенін хабарлаған едік. Олардың жартысынан көбі бала екен. 

Талқылау