Маңғыстауда ер адам көпшіліктің көзінше әйелін пышақтады: Жәбірленуші жүкті болып шықты (видео)
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы Ақтауда бір күн бұрын күйеуі пышақтап, ұрып-соқты деген әйелдің жағдайын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Аурухана мәліметінше, науқас 2000 жылы туған.
"Ол ауруханаға сағат 22.40-та түсті. Шұғыл түрде операциялық бөлімшеге жатқызылды. Алдын ала қойылған диагноз: пышақ әйелдің құрсақ қабырғасына және сол жақтағы кеуде қуысына кірген. Операция: лапаротомия, сол жақта диафрагманы тігу, ревизия, құрсақ қуысын санитария және дренаждау, сол жақта Бұлау бойынша плевра қуысын дренаждау бойынша жасалды. Жоғарғы және төменгі аяқ жараларынА біріншілік хирургиялық емдеу жүргізілді. Операциядан кейінгі диагноз: диафрагма мен бауырдың зақымдалуымен іш қабырғасының енген пышақ жарақаты. Сол жақта гемопневмоторакс 200 мг. Гемоперитонеум 100-150 мг. Жүктілік 10 апта 1 күн”, – делінген хабарламада.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы тұрақты және ауыр. Гемодинамикасы тұрақты. Қыз жансақтау бөлімінде емделуін жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін ер адам елдің көзінше әйелді пышақтап тастағаны туралы жазған едік. Полиция адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.