Маңғыстауда балабақша басшылары 3 принтерді 31 млн теңгеге сатып алмақ болған
Маңғыстау облысында мемлекеттік балабақшаның басшылары 3 принтерді 31 млн теңгеге сатып алмақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мектепке дейін білім беретін мекемені уәкілетті органдар тексеріп, сатып алу конкурсы қайта өткізілді. Яғни, мекеме басшылығы бағасы 100 мың теңгеден аспайтын 1 принтерге 10 млн теңгеден аса ақша жұмсауды жоспарлаған.
“Департаментпен енгізілген ұсыным хат негізінде мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып, 31 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді. Әлгі балабақшада 3 принтерді 300 мың теңгеге сатып алу туралы мемлекеттік сатып алуларға өзгерістер енгізді. Сатып алынатын тауарлар мен қызмет түрлерінің құны нарық бағасынан жоғары болмауына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатыр”, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады