Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысындағы балабақшада тәрбиеші бір жасар қызды жұлқылап, қолын шығарып жіберген

Маңғыстау облысында бір жасар қызды жұлқылап, қолын шығарып алған тәрбиеші жұмыстан қуылды. Бөбекжай қызметкері бүлдіршіннің қолын шығарып алған соң, алғашқы медициналық көмек те көрсетпеген. Баланың жарақат алғанын ата-анасы үйіне келгенде бір-ақ біліпті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Мұнайлы ауданындағы жекеменшік балабақшада қыз қолын шығарып алды. Ата-ана бейнебақылау камерасын тексерген кезде тәрбиешінің тыныш жүрген қыздың қолынан тартып көтеріп, орындыққа отырғызып жатқанын байқаған. Бірақ қыз жыламапты. Тек үйге барғанда қолының ауырып тұрғанын айтқан.

Бейнежазбаны көру барысында қызметкердің гигиена талаптарын сақтамай, екі ыдысқа құйылған сорпаны бір қасықпен 8 балаға бергені анықталды. Осы жайттардан кейін тәрбиешінің көмекшісі де жұмыстан босатылды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің басшысы бұл оқиға абайсызда болған деп отыр.



“Тәрбиеші ол жерде тек баланы орнынан көтерген. Құзырлы органдар да ол видеоны көрді. Бұл жерде зорлық-зомбылық әрекеті жоқ. Ал тамақтандыруға келетін болсақ, қызметкер артық ыдыс-аяқтарды жуғысы келмей, өзінің жұмысын жеңілдету үшін солай жасаған. Сол күні мен жұмыста болмадым, жылдың басы болған соң балабақшаға өзгерістер енгізейін деп орталықтың шаруасымен сыртқа шығып кеткен едім”, – деді жекеменшік балабақшаның директоры Раушан Аяпбергенова.

Талқылау