Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында жүргізуші оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Маңғыстау облысында Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі сегізінші сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CMN порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден

9 мамыр күні Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласқан. Ол 14 жастағы қызын Daewoo Nexia көлігіндегі ер адам жеткізіп тастағанын айтты. Оның айтуынша, түнгі сағат үштер шамасында Басқұдық ауылының маңында 29 жастағы жүргізуші 8-сынып оқушысын зорлаған.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап,  уақытша ұстау изоляторына қамады. Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі "кәмелетке толмаған баланы зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Талдықорған полиция басқармасының экс-басшысы Марат Күштібаевтың қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталғаны хабарланған болатын. Бұрынғы полиция қызметкері қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы "қызметтік міндеттерін атқара отырып, жәбірленушіге күш қолданып зорлау" бойынша кінәлі деп танылды. Қылмыс 2023 жылдың 12 қарашасында болған. Күштібаев қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы бола тұра, өз кабинетінде 27 жастағы қызды зорлаған.

Сондай-ақ аз уақыт бұрын алматылық танымал фотографтың 22 жастағы жергілікті тұрғынды зорлағаны белгілі болды. 2023 жылдың 8-9 наурызы аралығында құрбысымен демалып жүрген 22 жастағы Элинаға танысы келіп, алкогольді коктейль ұсынған. Артынша фотограф Азамат Кенжеғұлов қызды зорлаған. Сот оны кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айырды.

Талқылау