Маңғыстау облысында жасөспірім "тир атамын" деп жарақаттанып қалды: Оған ауыр ота жасалды
Маңғыстау облысында жасөспірім баланың көкірек қуысынан пневматикалық тапаншадан атылған оқ алынды. 16 жастағы жігіт абайсызда аттракционда (тир) ойнау кезінде жарақат алған. Бұл туралы блогер Азамат Сәрсембаев Facebook-те жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Баланы толық тексерістен өткізгеннен кейін, 22 ақпан күні дәрігерлер оған ауыр ота жасаған. Ота 40 минутқа созылған. Заманауи эндоскопия құрылғысының арқасында ота еш кедергісіз өткен. “Басқа жағдайда көкірек қуысын ашуға тура келер еді”, – дейді дәрігерлер.
"Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы, ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Қарумен ешқашан ойнамаңыздар", – деп жазды автор.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан