Жаппай көлік апатын туғызды: Полиция Алматыдағы Саин көшесінде қарсы жолақпен артқа жүрген жүргізушіні іздестіріп жатыр (видео)
Алматы полициясы Саин көшесімен қарсы бағытта жүрген, мемлекеттік нөмірі жоқ көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде таралған болатын.
Бейнежазбадан мемлекеттік нөмірі жоқ "Lexus" көлік жүргізушісінің қарсы жолақпен артқа жүргенін көруге болады.
Соның салдарынан жаппай көлік апаты болды.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі тәртіп бұзушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті түрде жазаланатынын айтты.
“Жергілікті полиция қызметі іздестіру бөлімін қосты. Жеке басын анықтады. Бұл видеоға қатысушылардың әрқайсысы жауапкершілікке тартылады”, – делінген хабарламада.
Назар аударыңыз! Бейнеде әдепсіз сөздер бар!
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда