Маңғыстау облысында асфальт салған құрылысшылар күлкіге қалды
Маңғыстау облысында газ құбыры жолдың тура ортасында қалып кетіпті. Желіде талқыға түскен сурет Түпқараған ауданы Аташ ауылында түсірілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Жол төсеп жатқан құрылысшылар жергілікті жұртты көлікпен зырғып келіп құбырдан қарғып өтетін кәсіби каскадер деп ойласа керек. Қақ ортадағы темір бағаналарды сол бойы қалдырған.
Ал жоспар бойынша газ құбыры жер астымен жүргізіліп, асфальт сосын төселуі керек екен. Жергілікті әкімдік "мердігер шыдамсыздық танытты" деп, бар жауапкершілікті соларға сілтей салды. Жол жөндеушілер енді асфальтты қайта қырып алып, қауіпті аймақпен жүруге тыйым салатын жол белгілерін орнатып жатыр.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі