Маңғыстау облысында 70 жастағы зейнеткер такси жүргізушіcі болып жұмыс істейді
Маңғыстауда 70 жастағы Гүлшара Жолдасбаева 24 жылдан бері такси жүргізушісі болып жұмыс істейді. Осы аралықта зейнеткер 7 бала өсірген екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Inaktau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: tumba.kz
Зейнеткердің бүгінде 15 немересі бар. Сөзінше, бастапқыда ауыл ішінде ғана жолаушы тасымалымен айналысқан.
"Өмірде түрлі қиындық кездеседі. Маған да қиын кезеңді еңсеруге тура келді. Балаларым кішкентай еді, ал күйеуім жоқ. Балаларды асырау үшін көлік жүргіздім. Басында ауыл ішінде такси жүргіздім. Ол кезде мұндай қызмет жоқ еді, ауылдастар таңғалды. Төрт немесе бес жылдан соң Шетпе-Ақтау тас жолына шықтым", – дейді ол.
Қазір зейнеткердің тұрақты клиенттері де бар. 24 жылдан бері бірде бір рет жол ережесін бұзбаған.
Гүлшара Жолдасбаева балаларына ұлттық тәрбие берген. Өз жұмысын да адал атқарады. Қазірге дейін зейнеткер 5 көлік ауыстырған.
"Әйелдерді мерекемен құттықтаймын. Зор денсаулық, толағай табыстар тілеймін. Әлемде тек тыныштық болсын", – деп құттықтауын жолдады зейнеткер.
2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды