“Өзінен үлкен жігіттер ұрған”: Маңғыстау облысында 17 жастағы жасөспірім көз жұмды
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында 11-сынып оқушысы достарымен серуендеуге шығып, жұмбақ жағдайда көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: istockphoto.com
Марқұм жасөспірімнің туыстары Сағындықтың өз ажалынан көз жұмбағанына сенімді. Олардың айтуынша, жасөспірімнің денесінде соққыға ұқсас іздер болған, сол себепті олар мәйітті сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Ақтау қаласына алып кеткен.
Жасөспірімнің достарының айтуынша, ауылда "үлкендер" (“старшактар”) деп аталатын топ бар. Олардың сөзіне қарағанда, сол күні әлгі "үлкендер" оларды қатарға тұрғызып, біртіндеп ұрып-соққан. Бір сәтте 17 жастағы Сағындық жерге құлап түскен. Достары оны ауылдағы медбикеге жеткізген, алайда медбике оның қайтыс болғанын айтқан.
Жаттығудан кейін жүрегі ұстап қалған: Шымкентте үндістандық студент көз жұмды
Маңғыстау облысы полиция департаменті аталған факті бойынша күдікті ұсталғанын мәлімдеді.
"Адам өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын салу фактісі бойынша күдікті ұсталды", — делінген ресми хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында екі полицей жігітті жолдың ортасында қуып жүріп ұрғаны туралы жазған едік.

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
