Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар Алматы саябағындағы кептерлердің қырылуының болжамды себептерін атады

Алматыда кептерлердің жаппай қырылуына байланысты экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кептерлер

Қалада кептерлердің өлі денелері таралған суреттер туралы түсініктемені ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жазды.

«Бүгін, яғни 26 наурызда Алматыдағы 28 Панфиловшылар паркінде кептерлердің қырылуына байланысты Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің облыстық инспекциясы мен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау мен қадағалау территориалдық инспекциясы қызметкерлері, қалалық ветеринарлық қызмет, қалалық Кәсіпкерлік пен инвестициялар басқармасы, Зоология және абаттандыру Институты мамандарынан арнайы комиссия құрды», - деді Сәкен Ділдахмет.

Ол 30-ға жуық кептердің қырылғандығын айтып өтті. Сөзінше кептерлердің жаппай қырылуының себебі улану болу мүмкін екен  

кептер

«Құстар уланған болуы мүмкін. Комиссия мүшелері кептерлердің денесін зертханалық зерттеу жүргізу үшін алды. Құстардың өліміне не ықпал еткені зерттеулерден соң белгілі болады», - деп жазды комитет хатшысы.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қаланың әрбір жерінде кептерлердің өлі денесі жатқан суреттер таралған еді. Кептерлердің жаппай қырылуы 28 Панфиловшылар саябағында орын алыпты.


 

Талқылау