Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көгершіндердің жаппай қырылуы жұртты шошытты

Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде өлі көгершіндердің фото және видеоларымен бөлісіп, құстардың жаппайы қырылуының себебін білуге тырысуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

көгершін

Солардың бірі - Facebook пайдаланушысы Ерқанат Тұрсынжанұлы. Ол әлеуметтік желіде құстардың өлі фотосын жариялады. 

"Дeзинфекцияның әсері емес пе? көгершіндер қырылып қалыпты...Алматы қаласы", - деп жазды Ерқанат Тұрсынжанұлы.

Кейінірек ол видео да жариялады.  Оның айтуынша, өлі құстар 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта жатқан.

Құстардың жаппай қырылуының себебі әзірге белгісіз.

Бұл ретте ветеринарлық клиникаларға улану белгілері бар өтініштер жиілеп кеткен.

"Коронавируспен күресу мақсатында қала көшелері арнайы залалсыздандыру ерітіндісімен тазаланып жатыр. Серуендегеннен кейін уланудың алдын алу үшін үй жануарларының табандарын мұқият жуыңыз!!! Тазалау аймағында дезқұралдардың әсер етуіне жол бермеу үшін баумен және тұмылдырықпен серуендеуді ұсынамыз. Аппортировкамен абай болыңыз", - делінген қаладағы ветеринарлық клиникалардың бірінің баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, экология министрлігінің баспасөз қызметінде экологтар мен ветеринарлармен бірлесіп, министрліктің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жанынан көгершіндер өлімінің себептерін анықтау үшін комиссия құрылатынын хабарлады. Сондай-ақ, арнайы сынамалар алынады.

"Нәтижелер туралы қосымша хабарлаймыз", - деді министрлікте.

 

 

Талқылау