Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман ұзақ өмір сүрудің күтпеген әдісін тапты

Зерттеуші және "100-ге дейін өмір сүр" телехикаясының авторы Дэн Бюттнер бау-бақша және көгалдандырумен айналысу өмірді ұзартатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: voshod-news.ru

Бюттнер бағбандық ұзақ өмір сүрудің негізгі факторларының бірі екенін айтты. Оның айтуынша, өзі араласқан жүз жасаған азаматтардың барлығы жастық шағынан бастап кәрілікке дейін бау-бақшада еңбек еткен. 

"Мен бағбандықтың спортзалға барудан әлдеқайда жақсырақ екенін айтқым келеді. Бұл ұзақ өмір сүруге арналған ең жақсы жаттығу. Көгалдандырудың оң әсері адамдарға сыртта көп уақыт өткізгеннен, өсімдік егу, суару, арамшөптерді жұлу, егін жинау сынды жеңіл жаттығулар жасағаннан келеді. Сондай-ақ ол өз егістігіне еккен өсімдіктерді көп тұтынады. Баққа өсімдік еккен кезде кортизол деңгейі немесе стресс гормондары төмендейді", – деді зерттеуші.

Айта кетейік, бұған дейін Пульмонолог Павел Бережанский маусымдық депрессия кезінде адамның ештеңеге зауқы соқпай, энергиясы төмендеп, ұйқысы мен зейіні бұзылатынын ескерткені туралы жазған едік.

Талқылау