Маман смартфондардағы камераның қауіпті тұстарын атады

Смартфондарда орнатылған камералар пайдаланушының назарынсыз қосылып кете алады. Бұл туралы "Прайм" агенттігіне сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстандықтар диплом мен куәлік, техникалық паспортын смартфон арқылы көре алатын болады

Ақпараттық-сараптамалық агенттіктің маманы Денис Кусковтың айтуынша, әдетте камера мен микрофонды қосуға пайдаланушының рұқсатынсыз қол жеткізу мүмкін емес. 

"Бірақ "Instagram немесе басқа әлеуметтік желілерде камера немесе микрофон пайдаланушының келісіміне қарамастан, мысалы, жаңалықтар арнасын қарау, чатты пайдалану кезінде камераның қосылып кеткен кездері аз емес. Сонымен қатар, кездейсоқтыққа салып, бұл олқылықтарды компаниялар мойындамайды", - дейді ол. 

Құпия ақпараттың таралуына жол бермеу үшін сарапшы қандай да бір құрылғының қосулы екендігі туралы хабарламаларды мұқият қадағалап, қажет болған жағдайда смартфонды толығымен өшіруге немесе не болып жатқанын көруге немесе естуге мүмкіндік болмайтындай етіп орналастыруға кеңес берді.

"Ұялы телефон арқылы сіз жайлы барлық ақпарат: транзакциялар, саяхат, мекенжай бәріне белгілі болады", - дейді сарапшы Денис Кусков.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр