Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман көктемгі шаршаңқылықпен күресу жолдарын атады

Пульмонолог Павел Бережанский маусымдық депрессия кезінде адамның ештеңеге зауқы соқпай, энергиясы төмендеп, ұйқысы мен зейіні бұзылатынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі аif.ru басылымына сілтеме жаспа хабарлайды. 

Фото: mykaleidoscope.ru

Бережанский жағымсыз көңіл-күй мен апатия ұзақ уақыт кетпесе, дәрігерге қаралу керек екенін түсіндірді. Сондай-ақ егер симптомдар бастапқыда жоғалып кетсе, бірақ біраз уақыттан кейін олар қайтадан ауыр түрде пайда болса, маманмен кеңесу керек.

Маман депрессияның кейбір белгілерін әр адам өзі емдей алатынын жеткізді. Ол үшін үнемі таза ауада серуендеп, жақындармен араласып, күліп, көңілді жүруге кеңес берді. Сондай-ақ дәрігер уақытылы ұйқы циркадиялық ырғақтарды орнатуға және гормоналды деңгейлерді жақсартуға көмектесетінін айтты. 



Сонымен қатар маман диетаға Омега-3 май қышқылдары көп тағамдарды қосуға кеңес берді: теңіз балығы, майшабақ, скумбрия, ақсерке, теңіз өнімдері, сондай-ақ грек жаңғағы, зығыр майы және авокадо қосуға кеңес берді. Дәрументі препараттарды қабылдау және спортпен айналысу көктемгі апатиямен күресуге көмектеседі дейді Бережанский.

Айта кетейік, бұған дейін Apple мамандары смартфон суға түсіп кетсе не істеу керек екенін айтқан еді.

Талқылау