Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман кеңсе қызметкерлеріне салауатты өмір салтын сақтаудың құпияларын ашты

Невропатолог және остеопат Ангелина Шестакова күні бойы компьютер алдында отыру, күйзеліс денсаулыққа кері әсер ететінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: kk.medicinehelpful.com

Маман кеңсе қызметкерлеріне салауатты өмір салтын сақтаудың құпияларын ашты.

"Көбіне кеңсе қызметкерлерінде арқа және аяқ ауруы, бас ауруы, омыртқааралық дискілердегі грыжа, ісіну, геморрой, бұлшықет тонусының төмендеуі және жүрек-қан тамырлары аурулары кездеседі. Бұл аурулардың даму қаупін азайтудың бірден-бір жолы сағат сайын бірнеше минут үзіліс жасау. Бір орында тапжылмай отырғаннан әлсіреген бұлшықеттерді сақтау үшін жаяу жүруді әдетке айналдыру керек", – деді маман.

Түскі үзілісті де пайдалы өткізуге болады. Біріншіден, тамақтанғанда пайдалы тағамдарды тұтынған жөн. Екіншіден, смартфонға үңілмей, көз жаттығуларын жасау қажет. 



Маман дене жаттығуларын жасап, жаттығу залына баруды әдетке айналдыруды ұсынды.

"Жұмыстан келген соң теледидарды бірден қосуға болмайды. Жүйке жүйеңізді де тыныштандырғаныңыз абзал. Кешкі асқа жаңа және сапалы өнімдер тұтыныңыз. Фастфудтан, қантты, газдалған сусындар мен ауыр тағамдардан бас тартыңыз. Көкөніс салаттары мен жеңіл ақуызды тағамдарды таңдаңыз. Негізгі ережені қолданыңыз: жұмыста неғұрлым белсенді болғыңыз келсе, ұйқының сапасы жақсы болуы керек. Ұйықтар алдында серуендеп келіңіз. Бөлмені желдетуді ұмытпаңыз. Ұйықтар алдында кем дегенде бір сағат бұрын теледидар мен телефон көруді доғарыңыз", – деді Шестакова.

Айта кетейік, бұған дейін диетолог Михаил Гинзбург қуырылған тамақтардың ішіндегі денсаулыққа ең зиянын атаған еді. 

Талқылау