Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаевтың қатысуымен өтетін Алматыдағы форум бір минут үнсіздікпен басталды

оооооо
Фото: Ақорда

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өтіп жатқан "Қазақстан – Қытай" инвестициялық форумына қатысуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жиын басталмас бұрын форум қонақтары Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметкерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.

 Еске сала кетейік, қайғылы оқиға оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауынан орын алып, нәтижесінде 17 әскери қызметкерді ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметкер қаза тапты.

Оқиғаның мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін өңірге қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған арнайы комиссия жіберілген. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу Бас прокуратураның ерекше бақылауына алынды.

Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Ислам Әден
Жұма, 25 Қыркүйек, 2026 13:08