Маман бананның көпшілік біле бермейтін пайдасы туралы айтты
Дәрігер-гастроэнтеролог Азамат Габуев бананның жүрекке пайдалы екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News102.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay сайтынан
Дәрігердің сөзінше, бананның құрамында калийдің тәуліктік нормасының 9%-ы бар. Ал калий жүрек-қан тамырлары үшін пайдалы. Банан жеу артериялық қан қысымын қалыпқа келтіруге көмектеседі екен. Сондай-ақ көмірсутек көп болғандықтан, ағзаға қажетті қуат береді.
Габуев бананды аш қарынға жеуге болмайтынын айтады. Мұндай жағдайда жүрек жұмысы жүйесіне ауыртпалық түсуі мүмкін. Сондықтан бананды тіскебасар ретінде біреуден артық жемеуге кеңес береді.
Сонымен қатар қант диабетіне шалдыққан адамдарға бананды көп жеуге болмайды, себебі құрамында көмірсутек көп. Оның орнына жасұнық пен С дәруменіне бай грейпфрут жеу қажет.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"