Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашын жоқ: Алдағы демалыста ауа райы қалай болады

оооооо
Фото: Pexels

Синоптиктер алдағы демалыста ауа райы қалай болатынын мәлімдеді. Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыстан келген антициклон айқындайды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, 26-28 қыркүйекте Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, 27-28 қыркүйекте солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіп тұр.

“Республиканың шығысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнгі уақытта Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін”, – деп мәлімдеді синоптик.

Түнгі және таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман болжанады. Республика облыстарының басым бөлігінде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Бүкіл кезеңде солтүстікте, шығыста, 27–28 қыркүйекте еліміздің солтүстік-батысында және орталығында түнгі уақытта 1–3°С үсік күтіледі.

Ислам Әден
Жұма, 25 Қыркүйек, 2026 13:23