Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман кез келген жаста өзіңді жақсы сезінудің төрт жолын атады

Денсаулық және фитнес бойынша сарапшы Джей-Джей Вирджин кез келген жаста өзіңді жақсы сезінуге көмектесетін төрт кеңес айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: saebo.com

Вирджин ең алдымен дұрыс тамақтануға және ақуыз тұтынуға шақырды.

Оның айтуынша, адамдардың көпшілігі, әсіресе әйелдер ақуызды қажетті мөлшерде тұтынбайды. Сарапшы ағзаның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әр тамақтанған кезде күніне шамамен 30 грамм немесе 100 грамм ақуыз тұтынуға кеңес берді.

"Ақуыз артық салмақтан арылуға көмектеседі. Аштық пен тамаққа құмарлықты азайтады. Энергияны арттырып, бұлшықеттердің өсуіне жәрдемдеседі. Сондай-ақ қандағы қантты қалыпқа келтіреді", – деді сарапшы.



Вирджин денсаулықты сақтаудың екінші жолы ретінде күнделікті физикалық белсенділікті атады. Ол жаттығу залына бармай-ақ, жаяу жүріп салауатты өмір салтын ұстануға болатынын түсіндірді. Маман алғашында күніне 8-12 мың қадам жасап, кейінірек ауыр жүктемеге көшуді ұсынды.

Вирджин күш жаттығулары да күнделікті әдетке айналуы керегін жеткізді. Өйткені 30 жастан кейін жыл сайын бұлшықеттің үштен сегізге дейін пайызы жоғалады.

"Егер сіз жаттығумен айналыспасаңыз, жаттығу жасауға шамаңыз келмейтін болады", – деді маман.

Вирджин соңғы кеңес ретінде, түнгі ұйқыны жақсартуға және 7-9 сағат ұйықтауға кеңес берді. Оның айтуынша, бұл әдет бойға күш беріп, өнімділікті арттырады. Сонымен қатар организмді инсулинге төзімді етіп, семіздік пен қант диабетінің алдын алады.

Айта кетейік, бұған дейін Мамандар көңіл-күйді көтеретін құлаққап жасап шығарғаны туралы жазған едік. Neiry биотехнологиялық зертханасы мен В.М.Бехтерева атындағы Ұлттық психиатрия және неврология ғылыми-зерттеу орталығы бірлесіп Neiry Buds құлаққабын дайындады. 

Талқылау