Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова бейнебаян түсіруге ақша қимайтынын айтты

Мақпал Жүнісова тыңдармандарын жаңа әндермен қуантпақ. Алайда Халық әртісі бейнебаян түсіруге құлықсыз. Себебі қазақтың ерке қызы қыруар қаржыны талап ететін әнбаянға ақша қимайтынын айтады.

Бұл туралы “Той думан” арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Жаңа екі ән дайындалу үстінде. Әлі дайындалып жатырмын. Болашақта халыққа ұсынғым келеді. Біреуі Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған, екіншісі Индира Елубаеваның әні”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Қос әннің де әзірге атауы жоқ. Алайда Халық әртісінің қай әні болмасын халық жүрегінен орын алатыны сөзсіз.

“Үзілмесе екен үмітім” болуы мүмкін, атын әлі дұрыстап қойған да жоқпыз. Бірақ мен сөздерін жаттап жатырмын”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Бейнеклипсіз танылған Халық әртісі бұл жолы әнбаян туралы ойлануда. Бірақ әнші оған қалтасын жұқартқысы келмейді екен.

“Жақсы шықса бейнебаян түсіруге болады. Менің орындауым, жүрек қағысы қалай болады деген сияқты, көру керек. Негізі клипке сұранып тұрған әндерім өте көп. Бірақ соған қаражат онша құйғым келмейді. Халық енді бізді бейнебаянсыз да танып қалған, сондықтан жастарға орын беріп жатырмыз”, – деп түсіндірді қазақтың ерке қызы.

Жіберіп алмаңыз:

“All давайлық” Шоқан алғаш рет әке атанды

Мөлдір Әуелбекова жаңаша стильде бейнебаян түсіріп, көпшілікті таңғалдырды (видео)

Өз әнінің мәтінін ұмытып қалған Төреғали әріптестерінің сынына қалды

“Зың-зың”, “жоқ-жоқ”: Мақпал Жүнісова мағынасыз әнге әуес әншісымақтарды сынап тастады

Алтынай Жорабаева экс-күйеуі Әбдіхалықовтың қыздарын іздемейтінін айтты

Талқылау