Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова жаңаша стильде бейнебаян түсіріп, көпшілікті таңғалдырды (видео)

Саны аз болса да, сапасы бар! Өнердегі әріптестерімен салыстырғанда сирек ән жазып, сирек клип түсіретін Мөлдір Әуелбекованың ұстанымы осындай. Есесіне Әуелбекованың әр туындысы тыңдарман көңілінен шығады деуге толық негіз бар. Мәселен, Мөлдір мен Ержігіт Асанхан атты жас әншінің “Лүпіл” атты соңғы бейнебаяны қалың көрерменді тәнті етті.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мақпал Жүнісова айтқандай, есті тыңдарман қашан да өзіне қажетті әнді табады. Мөлдірдің жас әншімен бірге таспалаған бейнебаяны YouTube-те танымал музыкалық арнаның парақшасына жүктелген жоқ. Соған қарамастан, әпкесі мен інісінің диалогын тамашалағандар саны аз уақыттың ішінде 20 мыңнан асып жығылған.

“Қандай керемет, сценарийі күшті”, “Керемет ән, Мөлдірдің даусы сондай тамаша”, “Күшті шыққан клип деп осыны айтуға болады”, “Сөзсіз хит”, “Керемет! Өте көңілді əпке мен інінің арасындағы сырласу əні болды!Жарайсыңдар! Мөлдір жаңа қырыңнан,ерекше стильдегі даусыңмен көріндің! Жас дарынды осындай жігітті қолдап шыққан саған рахмет! Тек алға”, – деп жылы лебізін білдірді Мөлдірдің тыңдармандары.

Жіберіп алмаңыз:

“Зың-зың”, “жоқ-жоқ”: Мақпал Жүнісова мағынасыз әнге әуес әншісымақтарды сынап тастады

Әнші Ademi арықтататын дәрі ішіп, сирек кездесетін ауруға душар болған

Тұңғышын ұзатқан Абай Бегей тойда көз жасына ерік берді (фото, видео)

“Зың-зың” әнінің авторы қайтыс болды

Талқылау