Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мақпал апам ұрысты": Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады

Фото: Stan.kz

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрап, видео жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі екі өнер иесінің дауына нүкте қойды. 

"Достар әлеуметтік желіде неше түрлі алып-қашпа әңгімелер жазылып жатыр. Сол үшін мен осы даудың нүктесін бүгін  қойғым келеді. Маған көп танымал адамдар хабарласып жатыр. Мақпал Жүнісова апам хабарласып, ұрысты. "Сенің жасың кіші, ол кісінің жасы үлкен, әрі беделді адам. Кешірім сұра" деп айтты. Мен кешірім сұрауға дайынмын. Майра Ілиясова ханымнан кешірім сұраймын! Шын мәнінде, ол кісі маған адам ретінде көп көмектескен. Ол кісінің барлық еңбегін бағалаймын. Бірақ біздің дау-дамай қоғамдық жұмысқа қатысты болған", – деді әнші.


  • "Арамыз бес жас": Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады

  • "Екібастұзда ТЭЦ жарылғанын ұмытпаңдар": Меруерт Түсіпбаева анасына пәтер сыйлады


Айта кетейік, Майра Ілиясова әріптес-сіңлісіне “албасты” деп балағаттағанын жазған едік. 

Шүкір! Семіз емеспін, бос сөз айтып күлдірмеймін, мас күйімде сахнаға шықпаймын, ең бастысы – туфлиім де, арым да таза. Бірақ мен үшін бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ. Әлібидің адвокаттарына, халықтың жинаған ақшасына қатысты өршіген дау-дамайдан кейін, жаздың күні Майра апай, маған "албасты" деді. Міне, мәдениет деген осы болар ….Тек бұл жалғаннан ерте озған Мадина Ералиева әпкеме арналған бағдарлама болған соң әруағын сыйлап, түсірімнің аяғына дейін тып-тыныш қана отырдым… Үндемедім, жауап қатпадым… Бірақ жаман болдым”, – деп жазды Меруерт Түсіпбаева. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 20 Мамыр, 2025 09:40
Талқылау