Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Макгрегор мен сүйіктісінің жантебірентерлік оқиғасы. Конорды қиындықтан шығарып, жауынгер жасаған бойжеткен жайлы

Конор Макгрегор сүйіктісі Димен 19 жасында Дублиндегі түнгі клубтардың бірінде танысқан. Ол бойжеткенді бұған дейін де көрген, бірақ онымен сөйлесуге бата алмаған. Дегенмен, Конор мүмкіндікті жіберіп алмай онымен танысып, жұмбақ бойжеткеннің есімі Ди Девлин екенін білді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі  VIP Magazine журналына сілтеме жасап.

Макгрегор мен сүйіктісінің жанберентерлік оқиғасы. Конорды қиындықтан шығарып, жауынгер жасаған бойжеткен жайлы

«Біз сөйлесіп, араласа бастадық. Ол әдемі көрінді және маған сүйкімді қыздар ұнайды », – деді Макгрегор 2015 жылы VIP Magazine журналына берген сұхбатында.

Сол кеште олар бір-бірінің телефон нөмірін алып, жиі хабарласып тұрды. Бірнеше жылдық кездесулерден кейін Конор мен Ди Дублиннен 30 шақырым жерде шағын пәтерді жалға алды. Бірақ, ол кезде отбасылық бюджеттің көп бөлігін Ди кафеде даяршы ретінде жұмыс істеп тапқан екен. Ал, санитарлық техник болып қосымша жұмыс істеген Конор ол кәсібін да тоқтатып, тәулік бойы жаттығып, аптасына 188 евро жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы алып тұрды.

https://stan.kz

Бірақ, Ди бұған мүлде қымсынып, ұялмады.

«Мен ешқашан да қандай да бір мәселе бар деп ойлаған емеспін. Мен жұмысқа кеткенде, ол жаттығады. Конор күн сайын жаттығып, маған қарағанда көп шаршайтын. Оның үстіне, мен қолым босай сала үйге келетінмін. Ал, ол таңғы төрттен бастап жатын бөлмеде көлеңкемен айқасатын»,-дейді Макгрегордың сүйіктісі Ди Девлин.

Ди күн сайын таңертең Конорды ескі көлігімен жаттығуға апарып, кеш бойы оның армандарын тыңдады. Конор үлкен мансап туралы және қалағанын сатып алатын уақыт жайлы армандап, болашақтағы жоспарларымен бөліскен. Ал, Ди барлық шайқастарда оның сөмкесі мен заттарын өзі жинап, әрдайым тілекшісі болып, қолдау көрсетті.

«Ол әрдайым маған сенді. Жұмыс істеп, үйдегі тіршілікпен айналысып, бәрін жасады. Біздің мүмкіндігіміздің шектеулі болғанына қарамастан, ол әрдайым әр түрлі және пайдалы тағамдарды тұтынуымызды қатаң қадағалайтын. Ол тіпті, ғаламтордан калорияларды қалай санау керектігін және жауынгерге қандай ас мәзірін беру керек екенін оқып, үйреніп алды. Менде Дидан басқа ештеңе болмады, ал өзін толықтай маған арнады. Оның арқасында мен үнемі режимді ұстадым. Ал, жаттығудан шаршап үйге келген кезде: «Конор, мен сенің қолыңнан келетінін білемін» дейтін», -деді Конор Макгрегор.

Макгрегор сүйіктісін асырай алмайтынына қатты алаңдады және бұл ой оған одан да белсенді жаттығуға күш берді. Бір күні Конор тіпті, блокнотқа «жақында Ди жұмысынан шығуы керек» деп өзіне күш-жібер беретін жазба жазды. 2013 жылы ол UFC-де алғаш айқасқа қатысып, америкалық Маркус Бримейджаны жеңді.

Макгрегор мен сүйіктісінің жанберентерлік оқиғасы. Конорды қиындықтан шығарып, жауынгер жасаған бойжеткен жайлы

«Ол әрдайым біз үшін айқасатынын айтатын. Үнемі біз жақсы көлікпен жүреміз және жақсы үйде тұрамыз деп айтумен болды. Мен оған әрдайым сенетінмін, оның табысқа жететінін білдім. Ол шындықты айтқанын дәлелдеді. Мен оны әрдайым шын жүректен қолдаймын, сондықтан оның  қиындықты жеңіп шыққанына өте қуаныштымын», -деді Ди VIP Magazine-ге берген сұхбатында.

2015 жылы Макгрегор америкалық Чед Мендесті жеңіп, MMA Fighting сайтына жантебірентерлік сұхбат берді.

«Ди менің бүкіл мансаптық жолымда қолдау көрсетіп, көмектесті. Егер ол болмағанда, мен осында тұрмас едім. Ол кейін жұмыс істемеді, бірақ мен оған бизнесте көмектесуін сұрадым. Қазір Ди қаржымен айналысады. Мен осы туралы армандағанмын және оны мақтан тұтамын»,- деді Конор MMA Fighting сайтына берген сұхбатында.

2017 жылдың мамыр айында Ди мен Конор ата-ана атанып, сәбилерінің есімін әкесінің құрметіне атады. Бұған дейін екі жыл бұрын Макгрегор Irish Times басылымына сұхбат берген болатын. Ол кезде Конор:

«Мен спортзалда бір күні Ди екеуіміз теңіз жағасында жатып, ештеңе алаңдамай өмір сүру үшін жаттығамын. Менің балам жоқ, бірақ ол дүниеге келгенде олардың ештеңеден мұқтаждық көргенін қаламаймын. Бұл үшін мен көп күш жұмыс істеуім керек»,- деген Макгрегор.

Ал, шілде айында ерлі-зайыптылардың екінші бала күтіп жүргені белгілі болды.

«Қазір мен миллиондаған доллар табамын. Менің шайқасыма 50-70 мың көрермен жиналады. Мен кез-келген көлікті, кез-келген киімді және баспананы сатып ала аламын. Ди осының бәріне лайық және одан да көп нәрсеге. Ол әлі де менің жанымда және менің қолымнан бәрі келетінін айтып, қолдау көрсетеді. Ол менің құтқарушым»,- деді жауынгер.

Макгрегор мен сүйіктісінің жанберентерлік оқиғасы. Конорды қиындықтан шығарып, жауынгер жасаған бойжеткен жайлы

Енді, Хабибтен жеңілген Конорға кімнің қолдау көрсетіп, жанында болатыны белгілі болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау