Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Махаббат алауы мәңгі емес": Жазира Байырбекова жар таңдау мәселесін талқылады

Танымал әнші Жазира Байырбекова тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес айтып, жар таңдауда қателеспеуге үндеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/

Өнер иесі қыздарды қатты сүйіп тұрса да, мейірімсіз ер-азаматтармен отбасын құрмауға үндеді. 

“Қыздар, сізді қатты сүйіп тұрса да, мейірімсіз адамға тұрмысқа шықпаңыздаршы. Махаббат алауы мәңгі тұрмайды. Мейірімсіз адам ғашықтық отымен ғана мейірімді бола алады. Ал ол сезім басылған кезде қатыгездігін көрсетпей тұрмайды. Басқа біреуге ғашық болғанда сізді адам құрлы көрмей қалады. Ал мейірімді адам сізді қатты сүймесе де, басқа адамға көңілі ауса да, сіздің көңіліңізге кірбің салмайды, сізге жамандық жасамайды, сізді құрметтейді деп ойлаймын. Ойыммен келісесіздер ме?”, – сауал тастады эстрада жұлдызы. 



Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, ер-азамат бойындағы кездесетін жаман және жақсы қасиеттерді талдады. 

“Абьюзерлер білесіздер ме, осылай мейірімді, сөзтапқыш, адам ішіне кіргіш”, “Ойыңыз өте дұрыс”, “Еркек бір рет ұрды ма, дереу кету керек”, “Еркекке сенгенше, екі босағаңа сен”, “Сені сүйген адам ғана бақытты ете алады”, “Ақылыңызды кеш түсіндім. Күйеуімнен көңілім қалды”, “Отбасыға қоғам да әсер етеді”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Еске салайық, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң екінші оқылымда мақұлданды.

Бұған дейін парламент cенатында әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы талқыланып жатқанын хабарлаған едік. Құжатта балаларды отбасынан алып қою мәселесіне қатысты бірде-бір норма жоқ екені атап өтілді. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі желіде тараған ақпараттың жалған екенін айтты.

Талқылау